17 қазанда қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиада басталды.
Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.
Олимпиаданың мақсаты: қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар талантты жастарды анықтау, сондай-ақ оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және дәріптеу.
Олимпиада 4 кезеңде өтеді: мектепішілік кезең – 2025 жылғы 17 қазан; аудандық/қалалық – а.ж. 14 қараша; облыстық – 15 желтоқсан; республикалық – 2026 жылғы сәуір-мамыр.
Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Бірінші тур 1 сағатқа есептелген тест тапсырмаларын орындаудан тұрады.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 317 білім беру ұйымынан, соның ішінде 176 ауыл мектебінен 2810 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес, аудандық/қалалық кезеңге өз өңірінде ең жоғары балл жинаған 30 оқушы өтеді.




