«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының қорытындысы

Дата:
22.10.2025

2025 жылғы 17 қазанда «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, балаларды қосымша біліммен қамту.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша ақтық кезеңге Қостанай облысының атынан Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының оқушылары қатысты.

«Авиация саласындағы жобалар» номинациясында – «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебінің» оқушысы Гаврилов Дмитрий – 2 орын алды.

«Космонавтика және аэроғарыш техникасы саласындағы жобалар» номинациясында – «Лисаков қаласының мектеп-лицейі» оқушысы Сивков Иван – 3 орынға ие болды.