«Жасанды интеллект және жаңа шындық» облыстық AI-Lab зертханасы

Дата:
01.04.2025

2025 жылдың 31 наурызында Рудный қаласының №10 мектеп-гимназиясы базасында білім саласында жасанды интеллектті (ЖІ) қолдану мен енгізуге арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға 50-ден астам қатысушы, соның ішінде педагогтер, әдіскерлер және оқу орындарының әкімшілік өкілдері келді

Семинардың ашылу салтанатында Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Жайлыбаев Темірхан Бекбергенұлы құттықтау сөз сөйледі

№10 мектеп-гимназиясының директоры Мунтаева Алия Сайынқызы мектептің педагогикалық ұжымы жүргізіп жатқан «Ондыққа ену» жобасын таныстырды. Бұл жоба оқу-тәрбие үрдісіне жасанды интеллектті енгізуге бағытталған. 

Семинардың негізгі тақырыптары: 

- Білім беру процесіндегі ЖІ заманауи технологиялары. 

- Оқуды дербестендіруде ЖІ қолданудың тәжірибелік жағдайлары. 

- Тапсырмаларды тексеруді автоматтандыру және оқу нәтижелерін талдауға арналған ЖІ негізделген құралдар. 

- Мектептерде жасанды интеллектті қолдану әдебі мен қауіпсіздігі. 

Іс-шараның ерекшеліктері: 

- сарапшылық баяндамалар – спикерлер сабақтарда, үйірмелердің жұмысында және әкімшілікте ЖІ-шешімдерін енгізу тәжірибесімен бөлісті; 

- интерактивті сессиялар – қатысушылар ЖІ негізделген білім беру платформаларымен жұмыс істеуді сынап көрді;

- қызықты пікірталастар – білімді цифрландырудың перспективалары мен қиындықтары талқыланды. 

Семинар практикалық бағыттылығы мен өзектілігі үшін қатысушылардан оң баға алды. Барлық қонақтар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.