
2025 жылдың 24-25 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының ІІ туры өтті.
Олимпиаданың 1 турына 3 546 адам қатысты, ауылдық өңірлер арасынан 1762 адам (немесе 49,7 %) қатысты.
Олимпиаданың 2 турына 2429 оқушы жіберілді, 1805 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық өңірлерден – 848 адам (немесе 46,9 %).
2 турдың қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары мен 6 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын 85 %-ға орындады. 5 сынып оқушылары мен 6 сынып оқушылары арасындағы орташа балл 25,5 балл (30-дан мүмкін) болды.
755 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 9 – бірінші орын, 192 – екінші және 554 – үшінші орын.
Өңірлер арасында Сарыкөл ауданының (83,3 % сапа) және Меңдіқара ауданының (79,4 %) оқушылары тапсырмаларды жақсы орындады.
Барлық жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.