
2025 жылғы 10-28 наурыз аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада еліміздің үш қаласында 6 пән бойынша өтті: химия, информатика – Ақтау қаласында, биология, физика – Астана қаласында, математика, география – Алматы қаласында.
Қостанай облысынан олимпиадаға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері және ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 32 оқушы қатысты. Олар – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Әулиекөл, Сарыкөл аудандары мектептерінің, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.
8 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанып, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Міне, жүлдегерлердің есімдері:
Физика – ІІ орын – Әбдіқадір Таир, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
ІІ орын – Өжентай Абзал, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
Химия – ІІІ орын – Абжанова Наргиз, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;
Физика – ІІІ орын – Уразалин Расул, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
География – ІІІ орын – Култаев Ансар, Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы;
ІІІ орын – Сивков Иван, Лисаков қ. мектеп-лицейі;
ІІІ орын – Яхуда Жанахмет, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
ІІІ орын – Загороднев Никита, № 4 мектеп-лицей, Рудный қаласы.
Олимпиада қорытындысы бойынша 6 оқушы «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталды: Байжігіт Ерасыл, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты (физика); Гурский Даниил, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты (биология); Игзекова Алина, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі (информатика), Даиров Муслим, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты (химия), Кадралинов Әлібек, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты (химия), Кучер Екатерина (№1 жалпы білім беретін мектеп, Рудный қаласы).