Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытындысы

Дата:
26.02.2024

Балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту және бастауыш және орта жастағы оқушылар тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2024 жылғы 21-24 ақпанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциялар бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Екі күн ішінде «Алмаз» шипажайының базасында екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) конкурстың 5 секциясы бойынша жобаларды қорғау өтті: информатика, робототехника, STEM инженерия; химия, биология; туризм және спорт; физика, ғарыш, математика, қолданбалы математика.

Қостанай облысының атынан осы кезеңде облыстық байқаудың 13 жеңімпазы мен жүлдегері (9 жоба) қатысты.

Конкурстың қазылар алқасының шешіміне сәйкес I дәрежелі дипломмен 3 қатысушы (3 жоба), II дәрежелі дипломмен – 4 қатысушы (2 жоба), III дәрежелі дипломмен – 2 қатысушы (2 жоба) марапатталды. Тағы 4 қатысушы (2 жоба) грамотамен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Мектеп

Секция

Орын

1

Асилова Елизавета

3

Жітіқара ауданы, № 10 жалпы білім беретін мектеп

информатика, робототехника, STEM инженерия

I

2

Холин Максим

4

Қостанай қаласы, № 17 жалпы білім беретін мектеп

физика, ғарыш

I

3

Юносова Лаура

7

Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектеп

физика, ғарыш

I

4

Смагулов Альазиз, Шоканова Аяна

5

Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектеп

информатика, робототехника, STEM инженерия

II

5

Сычева София, Абдулин Санжар

7

Қостанай қаласы, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

химия, биология

II

6

Оспанов Ернар

3

Қостанай қаласы, № 28 мектеп-гимназиясы

туризм және спорт

III

7

Дергилев Дмитрий

5

Лисаков қаласы, № 1 жалпы білім беретін мектеп

математика, қолданбалы математика

III

8

Манапов Мадияр, Тюлеубек Альмира

3

Қостанай қаласы, М. Горький атындағы гимназия

математика, қолданбалы математика

грамота

9

Скородин Александр,

Скородин Дмитрий

7

Қостанай қаласы, № 14 негізгі орта мектебі

туризм және спорт

грамота