ТжКБ студенттеріне арналған қашықтық олимпиадаларының қорытындысы

Дата:
28.05.2025

2025 жылғы 21-22 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттеріне арналған қашықтан облыстық олимпиадалар ұйымдастырылды.

Олимпиадалар физика, химия және биология пәндері бойынша өтті.

Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 2023 студенті қатысты.

Қатысушылар  физика пәні бойынша олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 697 қатысушы.

270 студент олимпиада жүлдегерлері атанды: 65 қатысушы І орын, 60 қатысушы ІІ және 193 қатысушы ІІІ орын алды.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

 

ИТОГИ