Сыни ойлау және философия пәні бойынша 9–11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің нәтижесі

Дата:
31.10.2025

2025 жылғы 24 қазанда 9–11(12) сынып оқушылары арасында сыни ойлау және философия пәні бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада ағылшын тілінде тест түрінде өткізілді. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт берілді.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты — Қазақстан Республикасында философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың сыни ойлау қабілетін және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Мектепішілік кезеңге облыстың 158 мектебінен 604 оқушы қатысты, оның ішінде:

• 9-сыныптан – 249 оқушы,

• 10-сыныптан – 194 оқушы,

• 11-сыныптан – 161 оқушы.

Мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қостанай облысының 234 оқушысы аудандық кезеңге қатысуға іріктелді.

Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі 2025 жылғы 3 қарашада онлайн форматында өткізіледі.