Қоғамдық-гуманитарлық циклі пәндері бойынша ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада

Дата:
15.12.2025

Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Олимпиада 9-13 желтоқсан аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.

Бастапқы кезеңінде олимпиадаға Қостанай облысы ауыл мектептерінің 2600-ден астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) кезеңінде - 607 оқушы, оның нәтижесі бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктеліп алынды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 24 қатысушының ішінде: 7 – Әулиекөл ауданынан, Амангелді ауданынан – 4, Ұзынкөл, Федоров және Б.Майлин аудандарынан – 2 оқушыдан, Жангелдин, Денисов, Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара, Науырзым және Сарыкөл аудандарынан – 1 оқушыдан.

7 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 3 екінші және 4 үшінші орын, тағы 6 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды:

 

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Пән

Мектеп

Орын

1

Лантух Кира

10

Орыс тілі мен әдебиеті

Б. Майлин ауданы, Май жалпы білім беретін мектебі

2

2

Мозер Полина

10

Орыс тілі мен әдебиеті

Ұзынкөл ауданы, № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі

2

3

Танкина Роза

11

Орыс тілі мен әдебиеті

Әулиекөл ауданы, № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі

2

4

Мифодовская Елизавета

11

Ағылшын тілі

Ұзынкөл ауданы, Троебрат жалпы білім беретін мектебі

3

5

Қоқаев Ерасыл

11

Қазақстан тарихы

Науырзым ауданы, Жамбыл жалпы білім беретін мектебі

3

6

Капанова Нургуль

10

Құқық негіздері

Әулиекөл ауданы, С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы

3

7

Галеева Самира

10

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

Қарабалық ауданы, М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі

3

8

Сенько Дарья

10

Ағылшын тілі

Денисов ауданы, № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі

грамота

9

Муканова Анель

10

Қазақстан тарихы

Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі

грамота

10

Алифиренко Полина

10

Құқық негіздері

Федоров ауданы, М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі

грамота

11

Сулейменова Айдана

11

Құқық негіздері

Әулиекөл ауданы, С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы

грамота

12

Аманбол Әсем

11

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі

грамота

13

Бекишева Снежана

11

Орыс тілі мен әдебиеті

Сарыкөл ауданы, Барвинов жалпы білім беретін мектебі

грамота