А.ж. 6 ақпанында А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада 1 турда өтті. Қатысушыларға 12 жалпы білім беретін пән бойынша классикалық олимпиадалық тапсырмалар ұсынылды: тапсырмалар, эссе жазу, мәтінмен жұмыс, тест және грамматикалық тапсырмалар. Информатика бойынша қатысушылар бағдарламалау бойынша тапсырмаларды орындады.
Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен және дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымынан 323 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен 141 жүлделі орын берілді, оның ішінде 24 бірінші, 49 екінші және 68 үшінші орын.
Ең жоғары балл жинаған жүлдегерлер олимпиаданың соңғы кезеңіне біздің облыстың атынан қатысады.




