4–5 желтоқсанда Алматы қаласында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен облыстық іріктеуде жеңімпаз атанған - 216 педагог қатысып, 153 мұғалім жүлделі орынға ие болды.
Республикалық кезеңге Қостанай облысынан облыстық турдың 10 жеңімпазы қатысып, кәсіби, әдістемелік шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсетті.
Конкурста «Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған Қостанай арнайы балабақша-мектеп-интернаты» КММ әдіскері Бойко Елена Александровна жеңімпаз атанды!
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ тарих пәнінің мұғалімі Нурушева Гульнара Рафаиловна ІІ орынға ие болды.
«Қостанай ауданы білім бөлімінің №1 Заречный ЖББМ» КММ директорының орынбасары Рахимова Гаухар Уразалыевна мен «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ажар Балтабайқызы Құрманбаева жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Федоров ауданы білім бөлімінің М.Мәметова атындағы ЖББМ» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Иван Александрович Азаренко «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.
Өңірдегі білім саласының дамуына үлес қосып, балаларға арналған озық, тиімді бағдарламалар жасап жүрген дарынды ұстаздарымызбен мақтанамыз.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!




