
2025 жылдың 26 ақпанында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың шығармаларын, ән өнерін насихаттау, импровизациялық жанр – айтысты қолдау және дамыту, баға жетпес мәдени мұраны сақтау, талантты оқушыларды анықтау.
Конкурс екі номинация бойынша өткізілді. «Тақырыптық айтыс» аталымында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі істердің жай-күйі туралы әңгімелеп, бір-біріне байыпты жауап беруге тиіс болды.
«Қайым айтыс» аталымында оқушылардан нақты импровизация, жылдамдық пен тапқырлық, жедел ойлау және салмақты жауап талап етілді.
Байқауға Әулиекөл, Жангелдин, Қостанай аудандары, Арқалық, Қостанай және Рудный қалаларынан 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Жүлделі орындарға ие болған оқушыларды құттықтаймыз!
Оқушының аты-жөні |
Өңір, мектеп |
Сынып |
Орын |
Ниязбек Таңжарық |
Жангелдин ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі |
9 |
І |
Мұқаш Ақбота |
Арқалық қ., «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы |
11 |
ІІ |
Батыржанқызы Дильназ |
Әулиекөл ауданы, Чернышевский жалпы білім беретін мектебі |
10 |
ІІІ |