Республикалық олимпиадаға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындары

Дата:
24.02.2025

Астана қаласында 2025 жылдың 23 ақпанында Қостанай облысының олимпиадалық командасы үшін оқу-жаттығу жиындары басталды. Жиынға бірінші болып химия, математика және информатика пәндері бойынша қатысушылар аттанды.

Жиынға Қостанай қаласынан, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 9-11 сыныптардың 18 оқушысы қатысады.

10 күн ішінде оқушылар а.ж. 10 наурызында басталатын олимпиадаға тыңғылықты дайындалу мақсатында пәндер бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады. Олимпиадаға бірінші болып химиктер мен информатиктер барады.

Жиын а.ж. 4 наурызда аяқталады.