Облыстық Мағжан оқуларының қорытындысы

Дата:
17.03.2025

2025 жылдың 14 наурызында Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қостанай дарыны» ӨОӘО қазақтың белгілі ақыны, публицисті Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған республикалық Мағжан оқулары байқауының  облыстық кезеңін өткізді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру аясында ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын өскелең ұрпақ арасында насихаттау және ұлттық құндылықтарды ұлықтау.

Байқау «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім», «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...», «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» атты үш номинация бойынша өтті.

Байқауға облыстың 11 ауданынан 30 оқушы қатысты.

Қатысушыларды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің және  дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының педагогтері мен  педагогика ғылымдарының кандидаттары құрамынан тұратын әділ қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған жұмыстардың ғылыми сипаты мен өзектілігін, қатысушылардың шығармашылығы мен білім деңгейін бағалады.

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясына 11 оқушы қатысып, Қостанай қаласы Ә.Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Нурманова Диана жеңімпаз атанды.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы бойынша 9 қатысушының ішінен Жангелдин  ауданы білім бөлімінің Амангелді жалпы білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы Асқарқызы Нурикамал 1-орынды иеленді.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»  атты авторлық өлеңдер номинациясына 10 оқушы ұсынылды. Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы  білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы Айтан Ерболат жеңімпаз атанды.

«Қостанай қаласының білім бөлімінің С.Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі мен ұжымына осы конкурсты өткізуде жоғары ұйымдастырғаны және көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз.

 

Қатысушының аты-жөні

Аудан

Мектеп, сынып

Орын

«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім»

1

Нугманова Диана

Қостанай қаласы

А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі, 10 сынып

І

2

Қонарбай Асыланбек

Жангелдин ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі,11 сынып

ІІ

3

Қуандық Ақмаржан

Амангелді ауданы

Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі,11 сынып

ІІ

4

Мамытқазы Айман

Арқалық қаласы  

Ә.Майкөтов атындағы негізгі орта мектебі,8 сынып

ІІІ

5

Ерсаева Аружан

Рудный қаласы

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы,9 сынып

ІІІ

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...»

1

Асқарқызы Нурикамал

Жангелдин ауданы

Амангелді жалпы білім береті мектебі, 10 сынып

І

2

Жасұланқызы Ақмаржан

Амангелді ауданы

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі, 10 сынып

ІІ

3

Ғалихан Ақерке

Арқалық қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия,7 сынып

ІІ

4

Турганова Диляра

Қостанай ауданы

Жамбыл жалпы білім беретін мектебі,10 сынып

ІІІ

5

Багдатова Алтынай 

Рудный қаласы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі,9 сынып

ІІІ

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»

1

Айтан Ерболат

Жангелдин ауданы

Ы.Алтынсарин  атындағы  жалпы білім беретін мектебі,10 сынып

І

2

Қабидолла Назерке

Амангелді ауданы

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі,10 сынып

ІІ

3

Отар Мұхаммедәли

Арқалық  қаласы

А.Құнанбаев атындағы мектеп- гимназия,11 сынып

ІІ

4

Ахметбекова Аружан 

Рудный қаласы

Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі,10 сынып

ІІІ

5

Оңғарбаева Нұрбала

Бейімбет Майлин ауданы

Набережный жалпы білім беретін мектебі,9 сынып

ІІІ