2026 жылдың 16-17 ақпанында 7-10 сынып оқушылары үшін математикадан облыстық қашықтықтан олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2625 қатысушы, оның ішінде ауылдық мектептерден – 1458 қатысушы (немесе 55,5 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (862 оқушы), Қарабалық ауданы (282 оқушы) және Амангелді ауданы (223 оқушы) болды.
Оқушылар арасында ең белсенді 8 сынып оқушылары – 805 қатысушы болды.
Олимпиада жүлдегерлері 926 оқушы болды, оның 145-і 1 орын, 394-сі екінші, 387-і үшінші орын алды.
Өңірлер арасында Қарасу ауданы (64 %) және Рудный қаласының (60 %) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.




