Ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына арналған қашықтан «Мейірімділік жүректен» бейнероликтер байқауының қорытындысы

Дата:
28.02.2025

2025 жылғы 28 ақпанда  ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына арналған қашықтан «Мейірімділік жүректен» бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқауға  8 ауданнан 28 жұмыс ұсынылды.

Оқушылар өз жұмыстарында күнделікті өмірдегі өзара көмек пен мейірімділіктің маңыздылығын атап, жасаған игі істері туралы әңгімеледі. Оқушылар кішігірім, бірақ шынайы әрекеттер біреудің өмірін қалай жақсы жаққа өзгерте алатыны туралы ойларымен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша: І орын - 2 жұмыс, ІІ орын – 2 жұмыс, ІІІ орын - 5 жұмыс түрінде жеңімпаздар анықталды.

19 жұмыстың авторлары сертификаттармен атап өтілді.

Дипломдар мен сертификаттарды 2025 жылдың 28 наурызында келесі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: http://tiny.cc/blagodarnost 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

ИТОГИ