«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 21 қазанда география пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиада тапсырмаларын шешу» атты оқыту семинарын өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Семинарды тәжірибелі педагог, Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Сәдуақасов Алмас Жұмашұлы өткізді.
Іс-шараға 15 аудан мен 3 қаладан 29 педагог қатысты. Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды қарастырды.
Семинар белсенді талқылау форматында өтті, ұсынылған материал қатысушылардың практикалық қызығушылығын тудырды.
Айта кетейік, Алмас Жұмашұлының оқушысы Халықаралық географиялық IGeO–2025 олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Мұғалімнің олимпиадалық қозғалысқа қатысу тәжірибесімен бөлісуі өңірдегі мектеп оқушыларының дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Қостанай қ. ФМБ НЗМ мен семинардың жаттықтырушысы Алмас Жұмашұлы Сәдуақасовқа семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.




