
12 наурызда Философия және сын тұрғысынан ойлау бойынша Республикалық олимпиаданың 2-кезеңі (қорытынды кезеңі) өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғарғы сынып оқушыларының философияға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін және шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Олимпиада ағылшын тілінде өтті. Екінші кезеңде оқушыларға ұлы ойшылдардың ұсынған 5 дәйексөзінің бірі бойынша 500 сөзден аспайтын эссе жазу тапсырылды.
Олимпиаданың 2-кезеңіне Қостанай қаласынан, Ұзынкөл ауданынан және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылган мектеп-гимназия-интернатынан барлығы 9 оқушы қатысты.
«Дарын» РҒПО жұмыстарды тексеріп, 8 жеңімпазды анықтады. Олардың ішінде Ұзынкөл ауданы Троебрат жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мифодовская Елизавета үшінші орынды иеленді және ол олимпиадалық құрамаға кандидат атанды.
Республикалық деңгейде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!!!