 
											24 қазанда Астана қаласында 2025–2026 оқу жылында сыни ойлау және философия пәндері бойынша республикалық олимпиадада жүлделі орын алған және олимпиадалық резервке енгізілген оқушылар үшін оқу-жаттығу жиындары басталды.
Жиынға Республикалық олимпиаданың қола жүлдегері, Ұзынкөл ауданының Троебрат жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мифодовская Елизавета қатысуда.
Жиындар онлайн форматында өтіп жатыр. Жиын барысында қатысушылар аталған олимпиадаға қатысу үшін қажетті білім мен дағдыларын жетілдіреді.
Жиындар а.ж. 4 қарашасында аяқталады.
 
                            




 
             
             
             
            