20 қаңтарда «Қостанай дарыны» ӨОӘО «Дарынды оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін дамыту» атты вебинар өткізді.
Іс-шара барысында спикерлер дарынды оқушылармен табысты педагогикалық жұмыс тәжірибесін ұсынды. Метапәндік құзыреттіліктерді: сыни және жүйелі ойлауды, ақпаратпен жұмыс істей білуді, зерттеу және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған заманауи тәсілдерді, әдістемелер мен білім беру технологияларын көрсетті.
Математика пәнінің мұғалімдері – Д.Ш. Клышева, Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимназиясынан және Қарасу ауданының Октябрь мектебінен А.Ж. Пылыпива оқушылардың метапәндік құзыреттілігін дамыту бойынша инновациялық әдістер мен креативті тәсілдерді ұсынды.
Дарынды оқушылармен жұмыста интеграцияланған білім беру технологияларын пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен «Өрлеу» БАҰО АҚ «Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары, физика пәнінің мұғалімі Ж.А. Гаппаров бөлісті.
Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі М.В. Травкина география сабағында тәжірибеге бағдарланған жұмыс түрлерін көрсетті.
Келесі спикер – Салимов А.Б., физика пәнінің мұғалімі, Астана қаласының «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ филиалының физика кафедрасының меңгерушісі, зерттеу және талдау дағдыларын дамытудағы эксперименттік тапсырмалардың әлеуетін ашты.
Вебинарға облыстың 11 өңірінен 61 педагог қатысты. Қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын және білім беру қызметінде ұсынылған тәсілдерді қолдану мүмкіндігін атап өтті.




