Биология пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
16.05.2025

2025 жылдың 13-14 мамырында 7-10 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 112 оқушы, оның ішінде – ауыл мектептерінен – 1365 адам (64,6 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (439 оқушы) және Қостанай ауданы (247 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсендісі 7-сынып оқушылары болды – 660 қатысушы.

206 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 67-і – бірінші орынға, 42-і – екінші және 94-і – үшінші орынға ие болды. Өңірлер арасында Қарасу ауданының (67% ) және Боровской санаторлық мектеп-интернатының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (55,0 %).

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары  беріледі.

 

ИТОГИ