Биология пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешудің заманауи тәсілдері

Дата:
31.10.2025

2025 жылғы 24 қазанда «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ базасында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биология мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық  есептерді шешу» оқыту семинары өтті.

Семинарға облыстың 14 ауданынан және 3 қаласынан 34 педагог қатысты. Семинарды «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ өз ісінің шебері және тәжірибелі биология пәнінің  мұғалімі Ирина Георгиевна Кириченко өткізді.

Іс-шара оқушылардың алдағы зияткерлік жарыстарға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған білім мен тәжірибе алмасу үшін маңызды білім беру алаңына айналды.