2025 жылғы 17-18 желтоқсанда 7-10 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3009 оқушы қатысты, оның ішінде ауыл мектептерінен – 1409 қатысушы (немесе 46,8 %). Оқушылар арасында ең белсенді 8-сынып оқушылары – 900 қатысушы болды.
967 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 118-сі 1 орын, 383-і екінші және 466-сы үшінші орын алды. Барлық қатысушылар сертификаттармен атап өтілді, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.




