
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 6-7 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.
Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 3449 оқушы,оның ішінде 1692 (немесе 49 %) қатысушы ауылдық жерлердегі мектептерден қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай (1053 қатысушы), Қостанай ауданының (381 қатысушы), Рудный қаласының (318 қатысушы) оқушылары болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2212 оқушы жүлдегер атанды, оның 688-і 1-орын, 954-і екінші және 570-сы үшінші орын алды. Бұл олимпиадада Алтынсарин ауданынан (85% сапа), Наурырзым ауданынан (97 %) және Қамысты ауданынан (87%) бастауыш сынып оқушылары ең сапалы өнер көрсетті.
Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар берілді.