
2025 жылдың 24-28 наурызы аралығында Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІII республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математика мектептерінен және республикалық жекеменшік мектептер қауымдастығынан командалар қатысты.
Республикалық турнир үш кезеңде өтті:
1 кезең – «Әу, баста!» (командалық есеп);
2 кезең – «Асық» (командалық есеп);
3 кезең – «Математикалық бәйге» (жеке есеп).
Қостанай облысынан олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы – Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы қатысты. Балалар математикалық білім мен сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істеу қабілетін көрсете отырып, барлық сынақтардан абыроймен өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша команда қатысушылары жеке есепте жүлделі орындарға қол жеткізді:
Қостанай қ. № 24 мектеп-гимназиясы: Кеңесбай Нұғман (4 сынып) – 2 орын; Қуандық Арсен (3 сынып) – 2 орын.
Жалпы командалық есепте №24 мектеп-гимназиясы IIІ орынды иеленді. Жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!