
31 наурыз күні Орал қаласында Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталды.
Олимпиада Орал, Қарағанды, Қызылорда және Көкшетау қалаларында өтеді.
Орал қаласында олимпиада «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәндері бойынша өтті. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары – Арқалық, Қостанай қалаларынан, Амангелді және Алтынсарин аудандарынан, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 6 оқушы қатысты.
Екі күн ішінде оқушылар қазылар алқасы әзірлеген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындап, тілді меңгеру деңгейін, сөйлеу және жазу дағдыларын көрсетуі тиіс болды.
Облыстың атынан сынға түскен қатысушылар 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 1 – II орын, 3 – III орын.
Жеңімпаздар қатарында: Кенжебекова Жазира (II орын, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты), Исламбек Ақерке (III орын, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты), Жапарова Жания (III орын, Амангелді ауданы А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі) – «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүлдегерлер атанды.
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәнінен Арқалық қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Пилиева Снежана III орынға ие болды.
Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткендерімен құттықтаймыз!!!