Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытындысы

Дата:
23.02.2026

Балалардың зерттеушілік қызметі дағдыларын дамыту және кіші, орта жастағы оқушылар тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2026 жылғы 20-23 ақпан аралығында 2-7 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы секциялар бойынша «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Үш күн ішінде «Балдәурен» РОСО базасында екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) конкурстың 7 секциясы бойынша жобаларды қорғау өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері; этномәдениеттану; тарих, өлкетану; технология және өнер.

Қостанай облысының атынан осы кезеңге Конкурстың облыстық кезеңінің 12 жеңімпазы (11 жоба): Амангелді, Жангелдин, Қарабалық аудандарынан, Қостанай қаласынан және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан оқушылар қатысты.  

Конкурстың қазылар алқасының шешіміне сәйкес III дәрежелі дипломмен 2 қатысушы (2 жоба) марапатталды. Тағы 4 қатысушы (3 жоба) грамоталармен атап өтілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жүлдегерлерге – ескерткіш сыйлықтар табысталды.

 

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Мектеп

Секция

Орын

1

Мырзахан Іңкәр

2

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті

3

2

Рамазан Ғайнел

3

«Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Ағылшын тілі

3

3

Әбдібек Кәусар

7

«Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ

Орыс тілі мен әдебиеті

грамота

4

Ердес Мариям Мухтарұлы Алихан

4

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ

Тарих, өлкетану

грамота

5

Степанова Полина

7

«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Технология және өнер

грамота