Қостанай қаласында балалар қабілетінің диагностикасы

Дата:
11.04.2025

«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 1 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында Қостанай қаласының 8-14 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне Қостанай қаласы мектептерінің 1467 оқушысы қатысты.

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды. 8-14 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді.