2026 жылғы 5-9 қаңтар аралығында өткен білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қорытындысы бойынша, сондай-ақ аудандар мен қалалардың командалары оқушыларды олимпиаданың осы кезеңдеріне дайындау сапасының жақсы екенін көрсетті.
«Үздік олимпиадалық команда-2026» номинациясы бойынша Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының командалары жеңімпаз атанды.
Білім беру ұйымдарының арасында «Үздік олимпиадалық мектеп-2026» атағы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқу ордалары:
І орын - Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы, Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы;
ІІ орын - Қостанай қ. білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы, Қостанай қ. білім бөлімінің физика-математикалық лицейі, Рудный қ. білім бөлімінің № 2 гимназиясы, Қостанай қ. білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын - Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Тимирязев жалпы білім беретін мектебі, Қарабалық ауданы білім бөлімінің М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі.
«Үздік ауыл оқушысы-2026» номинациясы бойынша «Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы, ағылшын тілі олимпиадасының жеңімпазы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 2025-2026 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері Мозер Полине марапатталды.
Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік ауыл мұғалімі-2026» атағы «Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Крупко Александра Николаевнаға берілді.
Қостанай облысының 27 педагогі облыстық оқушылар олимпиадасының қорытындысы бойынша 3 және одан да көп жүлдегерлерді дайындады. Оларға «Қостанай дарыны» ӨОӘО алғыс хаттары дайындалды.
Педагогтер арасында Сатилханов Шахрухбек Улуғбекұлы (химия пәнінен 7 жүлдегер), Қадыр Ибрахим Саттығұлұлы (физика пәнінен 5 жүлдегер) – Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімдері.
Облыстық олимпиаданың 4 жүлдегерін Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының орыс тілі пәнінің мұғалімі Еслямгалиева Зоя Сейсембайқызы дайындады.
Барлық ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс айтамыз және жаңа жетістіктер тілейміз!



