2025 жылдың 29-30 қазанында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласындағы «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінде музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазіргі заманғы музыкалық білім беру: әдістеме мен практика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Қостанай облысынан Қарасу ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Сакенова Айгерим Турехановна мен Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК мұғалімі Балтабаев Айбек Базарбайұлы қатысты.
Семинар аясында Қазақстанның әртүрлі өңірінен келген жетекші спикерлер мен музыка педагогтері сөз сөйлеп, шеберлік сыныптары мен интерактивті сессиялар өткізді. Қатысушылар музыкалық білім беруді дамытудың қазіргі тенденцияларын, оқыту әдістемесін, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді талқылады.




