2025 жылдың 12-13 қарашасында 7-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3543 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 2110 қатысушы (немесе 59,5 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (743 оқушы), Рудный қ. (298 оқушы) және Қостанай ауданы (405 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсенділері – 9 сынып оқушылары (989 қатысушы) болды.
657 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 116 оқушы І орын, 230 оқушы ІІ және 3675 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Жітіқара (100 %), Денисов аудандарының (80 %) және Рудный қ. (37 %) оқушылары ең жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.




