
Лингвистикалық тұрғыдан талантты, мемлекеттік тілді қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде меңгеруге қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты XIV республикалық қашықтық олимпиада өткізілді.
2020 жылғы 21-22 қаңтарда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оп-line желісі арқылы олимпиаданың қашықтық кезеңін өткізді. Республика бойынша қашықтық кезеңге өзге ұлт өкілдері арасынан 2470 оқушы қатысты.
Қашықтық кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары (59-60) балл жинаған 54 оқушы 2020 жылдың 1-2 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қорытынды кезеңге шақырылады.
Қостанай облысынан олимпиадаға 2 оқушы: Қостанай ауданы Константинов НМ 8 сынып оқушысы Любовь Мурашова және Меңдіқара ауданының А. Шотаев атындағы Боровской ОМ 6 сынып оқушысы Алина Тыш қатысады.
Қашықтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған қазақ тілі мұғалімдері «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады.
Қашықтық кезеңнің қорытындысы бойынша олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар алады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.