Қазақ тілінен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
02.10.2025

2025 жылғы 22-23 қыркүйек аралығында «Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» дәстүрлі Республикалық олимпиадасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – тілдік жағынан дарынды және қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге ынталы оқушыларды анықтау және қолдау.

Олимпиадаға Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 947 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен 409 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысқандардың жалпы санынан 419 оқушы (немесе 44,2%) олимпиада жүлдегерлері атанды. 86 оқушы 1-орынды, 126 оқушы – 2 орынды және 207 оқушы – 3 орынды иеленіп, олимпиада жеңімпаздары атанды.

Оқушыларды және олардың ұстаздарын олимпиадада жоғары нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз!

 

ИТОГИ