Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық семинар-практикум: тиімді тәжірибе, инновация, нәтиже

Дата:
02.03.2026

«ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 26-27 ақпанында Тараз қаласының № 66 ЖББМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру: тиімді тәжірибе, инновация, нәтиже» тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 90-нан астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Қостанай облысынан семинар жұмысына «Рудный қаласы білім бөлімінің №4 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Досжанова Сәуле Сейтмағамбетқызы, Малаева Бақытгүл Манткебайқызы және «Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимканова Айгүл Қабденқызы қатысты. 

Семинарға қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды шешудің тиімді әдістері мен тәсілдерін және оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар оқу семинары аясында қатысушылар «Олимп шыңына» республикалық пәндік олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Рудный қаласы білім бөлімінің №4 мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері: Досжанова Сәуле Сейтмағамбетқызы мен Малаева Бақытгүл Манткебайқызы ІІІ орынды иеленді. «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимканова Айгүл Қабденқызы грамотамен марапатталды. 

Құттықтаймыз!