15 желтоқсанда қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты: қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар талантты жастарды анықтау, сондай-ақ оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және дәріптеу.
Үшінші (облыстық) турға 16 оқушы қатысты. Бұл тур 1 сағатқа есептелген тест түріндегі тапсырмалардан тұрды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 6 жүлдегер анықталды – 1 бірінші, 2 екінші және 3 үшінші орын:
|
№ |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
ТА |
Орын |
|
1 |
Амангелді ауданы |
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі |
10 |
Құрақбай Айша |
1 |
|
2 |
Қостанай ауданы |
Жамбыл жалпы білім беретін мектебі |
9 |
Тиыштық Нұрбек |
2 |
|
3 |
Сарыкөл ауданы |
Севастополь негізгі орта мектебі |
9 |
Нурмаганбетова Нурия |
2 |
|
4 |
Амангелді ауданы |
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі |
9 |
Жасұланқызы Көркем |
3 |
|
5 |
Қостанай ауданы |
Озерный жалпы білім беретін мектебі |
10 |
Едильбаева Амина |
3 |
|
6 |
Рудный қ. |
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі |
11 |
Адилбекова Акжан |
3 |



