Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
24.04.2025

2025 жылғы 21-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская атындағы орденнің кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді.

Қостанай облысы биыл Қостанай, Рудный қалаларынан, Қостанай ауданы, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатынан 8 қатысушы жіберді.

Қатысушылар Қ.О. Бітібаеваның әдеби шығармаларын, өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуден жарысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 1 бірінші, 1 үшінші орын алды. Сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін 3 грамотамен марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

Аты-жөні

Білім беру ұйымы

Сынып

Орын

1.

Кенжебекова Жазира

Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

11

I

2.

Холматова Ардак

Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

9

III

3.

Музафарова Гулсезим

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Рудный қ

9

грамота

4.

Валихан Ерасыл

№28 мектеп-гимназиясы, Қостанай қаласы

10

грамота

5.

Әлім Жаннұр

Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қостанай ауданы

11

грамота