«Әбіш оқулары» республикалық конкурсы

Дата:
27.05.2025

19-21 мамыр аралығында Ақтау каласында республикалық «Әбіш оқулары» өтті. Көркемсөз байқауында еліміздің барлық өңірлерінен 8-11 сыныптардың  оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты-мектеп  оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Ә.Кекілбаевтің шығармаларынан сахналық қойылым» бағытында  Қостанай облысы атынан Жангелдин ауданының    Ш.Уалиханов  атындағы жалпы білім беретін мектебінің  9 сынып оқушылары Серікбол Мадина, Серікбай Нурислам, Ибраев Данияр, Болатбай Әсет және 10 сынып оқушысы Төлеухан Аян қатысып, грамота мен марапатталды.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!