
2025 жылдың 09 сәуірінде Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қостанай дарыны» ОӨОӘ белгілі мемлекет қайраткері және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған Республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Оқулардың мақсаты: патриотизмді арттыру, қазақ тілін үйренуді насихаттау және әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жастарды қазақ халқының мәдени мұрасы мен жазушының шығармашылығын құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Оқулар 4 бағыт бойынша өтті: «Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу», «Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы», «Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» және «Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу».
Конкурсқа облыстың 14 өңірінің оның ішінде бір мамандандырылған білім беру ұйымынан 86 оқушысы қатысты.
Қазылар алқасы қатысушыларды бағалады, оның құрамына педагогика ғылымдарының кандидаттары, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Қостанай жоғары педагогикалық колледжының оқытушылары, И.Омаров атындағы облыстық драма театрының әртістері кірді.
Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың ғылыми және өзектілігін, қатысушылардың шығармашылық көзқарасы мен білім деңгейін бағалады.
«Мәнерлеп оқу» бағытына 14 оқушы қатысты. І орынды Байша Аружан, Арқалық қаласы Ыбрай Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы иеленді.
«Шығармашылық жұмыс» бағытына қатысқан 10 қатысушының ішінен І орынды Қостанай ауданының Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясынын оқушысы Берік Айша иеленді.
«Сахналық қойылым» номинациясында 10 білім беру ұйымының өнерлері көрсетілді. І орын Жангелдин ауданының Шоқан Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының тобында.
«Иллюстрациялық сурет» бағытында 12 оқушы қатысты. І орынды Рудный қаласының № 2 гимназиясы оқушысы Кузембаева Виктория иеленді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Өңір |
Мектеп,сынып |
Орын |
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу |
||||
1 |
Байша Аружан |
Арқалық қаласы |
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, 10 сынып |
І |
2 |
Бұқарбай Айару |
Жангелдин ауданы |
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ,10 сынып |
ІІ |
3 |
Маратқызы Ақниет |
Мендіқара ауданы |
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясы,11 сынып |
ІІ |
4 |
Курмангалиева Анель |
Алтынсарин ауданы |
Жаңасу негізгі орта мектебі,9 сынып |
ІІІ |
5 |
Әлімжан Іңкәр |
Қостанай ауданы |
Мичурин ЖББМ,10 сынып |
ІІІ |
6 |
Оңғарбаева Нұрбала |
Б.Майлин ауданы |
Набережный ЖББМ, 9 сынып |
ІІІ |
Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы |
||||
1 |
Берік Айша |
Қостанай ауданы |
Н.Наушабаев атындағы мектеп- гимназиясы, 11 сынып |
І |
2 |
Жақыпова Сағыныш |
Б.Майлин ауданы |
Набережный ЖББМ, 9 сынып |
ІІ |
3 |
Оразбек Жахангер |
Жангелдин ауданы |
Қ.Қайдосов атындағы ЖББМ, 9 сынып |
ІІІ |
4 |
Жақсыбай Азиза |
Әулиекөл ауданы |
Чернышевский ЖББМ, 10 сынып |
ІІІ |
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым |
||||
1 |
Серікбол Мадина Серікбай Нурислам Ибраев Данияр Болатбай Әсет Амирхан Мади |
Жангелдин ауданы |
Ш. Уалиханов атындағы ЖББМ |
І |
2 |
Шәкір Әлішер Әмірбекова Наргиз Тұрғын Бейбарыс Сәбитбеков Ғани Жолдыбек Айару |
Амангелді ауданы |
Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ |
ІІ |
3 |
Сабетова Әсем Туребаева Дариға Амандық Даурен Шакиров Мағжан Жұнайд Ақниет |
Б.Майлин ауданы |
Набережный ЖББМ |
ІІ |
4 |
Шарапат Нурислам Тобадаулетова Айданақ Абдисаматов Бакытжан Еркинов Нурбол Кульмуратов Жаскен |
Рудный қаласы |
Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гмназиясы |
ІІІ |
5 |
Шәкіржанов Айдос Қылышбай Самрат Мейрамхан Азамат Зарлықова Анара Дуйсенбекова Аида |
Қостанай қаласы |
№ 17 ЖББМ |
ІІІ |
Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу |
||||
1 |
Кузембаева Виктория |
Рудный қаласы |
№ 2 гимназиясы,8 |
І |
2 |
Бектурганова Дария |
Қостанай ауданы |
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ,10 |
ІІ |
3 |
Жүніс Айжан |
Қостанай қаласы |
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырлған мектеп-гимназия-интернаты, 9 |
ІІ |
4 |
Колбазан Эвелина |
Мендіқара ауданы |
А.Шотаев атындағы Боровской мектеп -гимназиясы,11 |
ІІІ |
5 |
Моргунова Регина |
Б.Майлин ауданы |
Юбилейный ЖББМ,9 |
ІІІ |
6 |
Хайдукаева Залина |
Қостанай қаласы |
№ 17 ЖББМ, 11 |
ІІІ |