«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата:
22.05.2025

 «Қостанай дарыны» ӨОӘО жыл сайын оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы зерттеу және өнертапқыштық қызметке тарту мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

Ағымдағы жылы конкурс автокөлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы техникасы, су көлігі, авиация, космонавтика саласындағы техникалық конструкцияны және үздік рационализаторлық ұсыныстарды қоса алғанда, жеті номинация бойынша өтті.

Байқауға Арқалық, Рудный, Қостанай, Лисавков қалаларынан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 16 оқушы қатысты, оның ішінде 9 қатысушы жеңімпаз атанды: оның ішінде 5 бірінші, 3 екінші және 1 үшінші орын.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары өңірдің атынан республикалық кезеңге қатысады.

р/с

Қатысушының ТАӘ

Өңір, мектеп

Орын

1

Молдасарыев Мейрбек

Рудный қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

І

2

Сатмухамбет Назар

Қостанай қаласы, «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі»

І

3

Доброниченко Михаил

Қостанай қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп

І

4

Лапытько Александр

Қостанай қаласы, «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі»

І

5

Саламатов Иван,

Сивков Иван

Лисаков қаласы, Мектеп-лицей

І

6

Жусупов Тимур

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

ІІ

7

Сивков Иван

Лисаков қаласы, Мектеп-лицей

ІІ

8

Гаврилов Дмитрий

Қостанай қаласы, «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі»

ІІ

9

Мукаев Султан

Қостанай қаласы, «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі»

ІІІ