Ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орай 2025 жылғы 12 қарашада дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары арасында «Ұлттық теңге – мақтанышымыз» атты викторина өтті.
Іс-шараға «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицей-интернаты мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сыныпта оқитын 67 оқушысы қатысты. Оқушылар ұлттық теңге, оның тарихы мен маңызы туралы терең білімдері бар екенін көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша мынадай түрде жеңімпаздар анықталды: 1 орын - 2 оқушы, 2 орын – 6 оқушы, 3 орын - 13 оқушы. Барлық қатысушылар сертификаттармен атап өтілді.
Бұл оқиға мектеп оқушылары үшін өз елі мен оның бай тарихы туралы білімдерін одан әрі жетілдіруге және тереңдетуге түрткі болады деп үміттенеміз.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!




