«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерінен республикалық олимпиада

Дата:
21.04.2025

Ағымдағы жылғы 18 сәуірде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Олимпиада Қызылорда қаласында өтті, онда 4 күн бойы республиканың түкпір-түкпірінен 180-ден астам оқушы бақ сынасты.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары арасынан 9 оқушы қатысты. Олар – Арқалық, Қостанай, Рудный қалалары, Әулиекөл ауданы, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

Қатысушыларға олимпиада қазылар алқасының мүшелері әзірлеген теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау қажет болды.

Біздің облысымыздың атынан қатысқан оқушылар 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде ІІ орын - 2, ІІІ орын - 2. Тағы 2 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.

Аты-жөні

Білім беру ұйымы

Пән

Орын

1

Караклышев Даян

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

Қазақстан тарихы

ІІ

2

Карасатов Арина

Рудный қ. № 10 мектеп-гимназиясы

Құқық негіздері

ІІ

3

Аманжол Ерсұлтан

Арқалық қ. Ы. Алтынсарин атындағы гимназия

Қазақстан тарихы

ІІІ

4

Шакирзянов Даниил

Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі

Құқық негіздері

ІІІ

5

Жаулебаева Алия

«Озат» МАТМЛИ

Құқық негіздері

грамота

6

Кузбаева Дильназ

Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі

Құқық негіздері

грамота

Балалар мен олардың ұстаздарын олимпиадада табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!!!