
Жазғы демалыс алдында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» диалог алаңы өтті.
Диалогқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов; Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Зариванқызы Басенова, Қостанай облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Сәрсенбайқызы Мальгаева, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Айман Елеманқызы Ибраева, сондай-ақ республикалық оқушылар олимпиадасының және 2024-2025 оқу жылы жобалар конкурсы жүлдегер-оқушылары және олардың ұстаздары, ғылыми жетекшілері қатысты.
Диалог аясында қатысушылар осы екі ұғымның – «қауіпсіздік» және «бақыт» – бір-бірімен қалай байланысты екенін, балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі үшін біздің мектептерде не істеу керектігін талқылады.
Оқушылар баяндамаларында қауіпсіздік олар үшін нені білдіретінін, жайлылық пен қауіпсіздік сезімі баланың өзін-өзі дамытуына және оның кәсіби өзін-өзі анықтауына қалай көмектесетінін әңгімеледі. Белашов Никита (Қостанай қ. № 1 мектеп-лицейі), Рақым Нұрсай, Утепова Шолпан («Озат» МАТМЛИ) және Кенжибекова Жазираның (Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ) пікірінше, бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты: қауіпсіздік – жайлылық – өзін-өзі дамыту – өзін-өзі анықтау.
Қауіпсіз және жайлы жағдай жасау зияткерлік, спорттық және шығармашылық олимпиадалар мен конкурстарда табысқа жетуге көмектеседі.
Диаллог алаңының жұмысы барысында республикалық олимпиада мен республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы 70 оқушы республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетті, олардың 30-ы бүгін ақшалай сыйлықтарға сертификаттар, ал ұстаздар Қостанай облысының әкімі атынан алғыс хаттар алды.