
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 9-11 сәуірде Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын өткізді.
Конкурс оқушылардың ғарышкерлік, инфрақұрылымның ғарыштық технологиялар және модельдеу, астрофизика салаларындағы қолданбалы зерттеулерге ғылыми-зерттеу қабілеттерін ынталандыруға бағытталған.
Қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде 3 секцияның бірінде өнертабыс, теория немесе жоба туралы баяндайтын жетіминуттық презентация ұсынды: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Күн жүйесі».
Конкурсқа Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Қазақстаннан 116 қатысушы, оның ішінде Қостанай облысынан «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының, Қостанай қаласы физика-математикалық лицейінің және Рудный қаласы № 5 гимназиясының 3 оқушысы қатысты.
2 автордың 2 жобасы ғылыми конкурстың жүлдегері атанды:
II дәрежелі дипломмен марапатталды: Беспалова Эвелина, Рудный қаласы № 5 гимназиясының 9 сынып оқушысы.
III дәрежелі дипломмен марапатталды: Даутова Сабина, Қостанай қ. физика-математикалық лицейінің 10 сынып оқушысы.
Ғылыми конкурстағы табыстарыңызбен құттықтаймыз!!!