2025 жылғы 9–12 қараша аралығында Ақтөбе қаласында «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың III Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулерге байланысты ғылымдарға қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру, сондай-ақ оқушыларды халықаралық олимпиадалар мен астротурнирлерге қатысуға дайындау.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ақтөбе облыстық планетарийі» МКҚК.
Олимпиадаға 13 пен 16 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Қатысушылар екі топқа бөлінді – «Альфа» және «Бета».
Қостанай облысынан Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі командасы қатысты. Команда құрамында:
• Сайкина Анастасия, 9-сынып оқушысы;
• Жуматаева Даяна, 8-сынып оқушысы;
• Анисенкова Виктория, 8-сынып оқушысы;
• Мухамедьярова Балқия, 10-сынып оқушысы.
Команданы физика пәнінің мұғалімі Прахнау Виктор Иванович дайындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте 10-сынып оқушысы Мухамедьярова Балқия III орынды иеленді.
Табысты өнер көрсеткенімен құттықтаймыз!!!




