«Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының қорытындысы

Дата:
20.05.2025

2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында Талдықорған қаласында поэт Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығына арналған «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті.

Ілияс Жансүгіров атындағы байқау 5 бағытта өтті.

«Ілияс- эпик ақын» бағытында Қостанай облысының атынан Амангелді ауданының Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Төлеубай Жантөре қатысып ІІІ орын алды.

«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»  номинациясында Қостанай облысының атынан Жангелдин ауданының Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Ибраш Нұрлыбек қатысып грамотамен марапатталды.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!