«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
06.05.2026

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 23-24 сәуірінде 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының 2 турын өткізді.

Олимпаданың мақсаты - оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын және алған білімдерін пайдалану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру.

Қатысушылар өз ойларын дамытуға және пән бойынша білімдерін тереңдетуге, білім деңгейлерін бағалауға мүмкіндік алды. Олимпиада тестілеу форматында өтті.

Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 2061 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 694 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 1 орын – 163, 2 орын – 226, 3 орын – 305 қатысушы.

«Тарих ата»  республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!

 

ИТОГИ