Биология пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешудің заманауи тәсілдері

Дата:
05.05.2026

2026 жылғы 5 мамырда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің биология пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға облыстың 11 ауданынан және 3 қаласынан 26 педагог қатысты. Семинарды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ биология пәнінің мұғалімі Төлеміс Жұлдызай Серікқызы өткізді.

Семинардың қатысушылары түрлі тәсілдер мен шешімдерді белсенді түрде талқылады, өз кезегінде бұл педагогтерге оқушыларын олимпиадалық жарыстарға дайындау үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік береді. Семинар барысында тәжірибелік бөлімге де ерекше назар аударылды. Қатысушылар тек теориялық тәсілдермен танысып қана қоймай, әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды шешу дағдыларын пысықтады.