2026 жылдың 23-24 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының ІІ туры өтті.
Олимпиаданың 1 турына 3 107 адам қатысты, ауылдық өңірлерден 1682 адам (немесе 47,8 %) қатысты.
Олимпиаданың 2 турына 2207 оқушы жіберілді, 1682 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық өңірлерден – 805 адам (немесе 47,8 %).
2 турдың қорытындысы бойынша және 5 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын 83,6 %-ға, 6 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын 89,3 %-ға орындады. 5-сынып оқушылары арасындағы орташа балл 25,1 баллды, 6-сынып оқушылары арасында 26,8 баллды (мүмкін 30-дан) құрады.
678 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 173 – бірінші орын, 238 – екінші және 267 – үшінші орын.
Өңірлер арасында Науырзым ауданының (75 % сапа) және Арқалық қ. (65,4 %) оқушылары тапсырмаларды жақсы орындады.
Барлық жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.




