2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында көрнекті педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімін тереңдету және жетілдіру, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметін тәрбиелеу, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 9-11 сыныптың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Биылғы жылы Қостанай облысының намысын Қостанай, Рудный қалаларынан, Науырзым және Амангелді аудандарынан, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 9 оқушы қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің облыстың құрама командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетті: 9 қатысушының 7-еуі жүлдегер атанып, 2 екінші және 5 үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
ІІ орын:
- Холматова Ардақ – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Маманова Нұрсила – Рудный қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
ІІІ орын:
- Биркемелова Сымбат – Науырзым ауданы, Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Ғазиз Аружан – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Хаджабай Әсел – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Әмірбек Наргиз – Амангелді ауданы, А. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Ихлас Еркеназ – Амангелді ауданы, Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
Жүлдегерлерімізді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен білім жолында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!




