
2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ педагогтерімен «Оқушыларды олимпиадаларға дайындау кезіндегі мұғалімнің жұмыс жүйесі: интеграцияланған әдістер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбында педагогтерге арналған облыстық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты: оқушыларды олимпиадаларға дайындау кезінде мұғалімнің жүйелі жұмысын ұйымдастыру жолдарын талдау, интеграцияланған әдістерді қолданудың маңыздылығын анықтау және тиімді тәжірибелерді тарату арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Вебинар барысында мына мәселелер қаралды:
Оқушыларды математика олимпиадасына дайындау кезіндегі мұғалімнің жұмыс жүйесі (Джакетова Сауле Джаксылыковна, математика пәнінің мұғалімі)
Оқушыларды тарих пәні бойынша олимпиадаларға дайындау кезіндегі мұғалімнің жұмыс жүйесі: интеграцияланған әдістер мен тиімді тәжірибелер (Бекенова Гулназ Акановна, тарих пәнінің мұғалімі)
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға дайындау жолдары (Тұрысбек Нұрдана Дәуренбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі)
Баяндамашылар дарынды оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға, зерттеу қызметі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға ықпал ететін заманауи сандық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар әріптестердің қызығушылығын оятты, ал ұсынылған мысалдар дарынды балаларды оқытуда сандық құралдарды пайдаланудың тиімділігін көрсетті.